Сайдақ тістілер (лат. Odobenus) – ескекаяқты сүткоректілер.

Quick Facts Сайдақ тістілер Қазбалық ауқымы: Middle Miocene to present, Ғылыми топтастыруы ...
Сайдақ тістілер
Қазбалық ауқымы: Middle Miocene to present
Thumb
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Ықшам табы: Ұрықжолдастылар
Сабы: Жыртқыштар
Кіші сабы: Иттәрізділер
Ұлы тұқымдасы: Ескекаяқтылар
Тұқымдасы: Odobenidae
Тектері

Odobenus

Close


Дене ұзындығы 410 см, салмағы 2000 кг. Басының алдыңғы жағы шорт кесілген, бетінің екі жағына 300-350 вибристары орналасқан. Құлақ қалқаншасы жоқ. Жоғарғы азу тістерінің ұзындығы 60-80 см, (ұрғашыларынікі кішілеу).

Тістері төменге бағытталған. Терісі қатпарланған қалың. Аяқ жарғақтарының шеті терімен көмкерілген. Артқы аяқтарының жарғақтары құрсаққа қарай қайрылылып, құрлықта жүруін жеңілдеткен. Дене түгі сирек. Ареалы, Солтүстік мұзды мұхит жағалауы. Миграция жасап тұрады. Қорегі, ұлулар. Мұзда көбейеді. Баласын бір жыл көтереді де 2 жыл сүтпен қоректендіреді. Қиыр Шығыстық түршесі, (O.r. divergens) саны 200 мыңдай, (1983). Кәсіпшілік аулау тек жергілікті халыққа рұқсат етілген. Атлантикалық түршесі, (O.r. rosmarus) КСРО-ның Қызыл кітабында, лаптев түршесі, ХТҚО мен КСРО-ның Қызыл кітаптарына енгізілген.[1]

Дереккөздер

  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.